Дінмұхамед Төлеубай – бриллиант дауысты әнші
Дінмұхамед Төлеубай – бриллиант дауысты әнші
460
оқылды

Жас әнші Арайлым Берік пен Дінмұхамед Төлеубай Чехияда өткен ән байқауында үздік атанды.

«Қазақпараттың» жазуынша, халықаралық байқауда 16 жастағылар арасында Арайлым Берік І орын алды. Ал 8-12 жастағы әншілер арасында Дінмұхамед Төлеубай «Бриллиант дауысты әнші» атанды.

Екеуі де Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы жанындағы балалар студиясында оқиды. Балалар студиясына Қазақстанның Еңбек сіңірген артисі Қарагөз Ақдәулетова жетекшілік етеді.