Спортпен шұғылданатын азаматтардың үлесі 36 пайызға жететін болады
Спортпен шұғылданатын азаматтардың үлесі 36 пайызға жететін болады
248
оқылды

Қызылорда облысы, Шиелі аудандық спорт клубында Nur Otan партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Шаутай Тілеуберген, Серік Мүліков үгіт-насихат жұмыстары бойынша спорт саласы өкілдерімен кездесті.

Кездесудегі мақсат партияның Сайлауалды бағдарламасындағы спортты дамытуға бағытталған жұмыстармен таныстыру. Партия алдағы бес жылға арналған өз жоспарында ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортпен айналысуға бағыттайтын болады. Спорт – Шиелі кентінде денешынықтыру және сауықтыру кешенің салуға, жасөспірімдер мен балалар спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, ұлттық спортты дамыту мақсатында 450 аудандық, 30 облыстық, 15 республикалық әр түрлі іс-шаралар өткізуге, ұлттық спорт түрлерінен, қазақша күрес, ауыр атлетика, тоғыз құмалақ, бокс, футбол, еркін күрес, дзюдо сайыстарының жоғары деңгейде өтуіне ықпал етеді. Nur Otan партиясы 2025 жылы ауданда дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту деңгейін 36 пайызға жеткізуді көздейді. Біз ауданның әрбір тұрғынының жайлы өмір сүруі, дамуы және өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барлық мүмкіндіктерге ие болатын бақуатты қоғамды бірге құрамыз, – деді облыстық мәсихат депутаттығына үміткер Тілеуберген Шаутай. – Бұқаралық спортты дамыту маңызды деп білемін. Спортқа партия жақсы қолдау көрсетіп келеді. Аудандық спорт клубына келуші жастардың да, үлкендердің де саны артуда. Бұл халықтың саламатты өмір салтын жақсартуға деген көзқарасының жақсарғанын білдіреді, – деді партия бағдарламасындағы ауқымды жобаларды естіп қуанған Шиелі аудандық спорт клубының директоры Нұрлан Зермұхамедов. Үміткерлер спортшылардың сұрақтарына жауап беріп, 10 қаңтарда өтетін сайлауға шақырды және «Nur Otan» партиясына дауыс беруге үгіттеді.

Nur Otan  партиясы  Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.