Нұр-Сұлтанда анасы өзін тыңдамаған 6 жасар ұлын ұрып-соғып, 8 жасар қызын жалаңаш далаға қуып шыққан.
Аязды күнде есіктің алдында жылап отырған қыздың суреттері әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Ішкиімі ғана бар қыз бала үйдің кіреберісінде отыр. Енді бір бір суретте ол дәлізде еденде ұйықтап жатыр.
Жазба авторының айтуынша, анасы осылайша өзін тыңдамаған қызын жазалаған.
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі елорда тұрғынынан қатыгез көршісінің мына қылығы туралы хабарлама 23 желтоқсанда сағат 21.20-да келіп түскенін мәлімдеді.
"Полиция қызметкерлеріне 35 жастағы әйел бұл әрекетін көршісінен киім-кешек ілетін қысқыштарды рұқсатсыз ойнауға алған балаларды жазалағысы келгенімен түсіндірген.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД ювенал полициясы отбасын профилактикалық есепке алды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері мен білім басқармасының қорғау және қамқоршылық органдары заңды өкілдерге қатысты объективті шешім қабылдау үшін жағдайдың мән-жайын жан-жақты тексеріп жатыр", - делінген хабарламада.