Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары сынып оқушылары ІІІ тоқсанда қалай оқитынын айтты.
Министрдің айтуынша, оқушылар ұлттық бірыңғай тестілеу мен қорытынды аттестациялауға енетін пәндерді дәстүрлі форматта оқитын болады.
"9 және 11 сынып оқушылары негізгі пәндерді мектепке барып оқиды. Бұл - олар үшін өте маңызды. Яғни білім беру бағдарламасының 70% -ын балалар дәстүрлі форматта, ал 30% -ын қашықтан оқиды. Оқушылар санитарлық талаптарды сақтайтын болады",- -деді министр брифингте.