Бекшин Жаңа жылда үйге қанша адамды қонаққа шақыруға болатынын айтты
Бекшин Жаңа жылда үйге қанша адамды қонаққа шақыруға болатынын айтты
188
оқылды
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Жаңа жылда үйге қанша адамды қонаққа шақыруға болатынын айтты. Оның айтуынша, адам саны 10-нан асса, ол адамдардың жаппай жиналғанын білдіреді.
"Жаңа жыл отбасылық мереке болғандықтан, үйде бір отбасы болып тұратындардың бәрі жинала алады. Егер отбасында 15 адам болса, олар онсыз-ақ бір үйде болады. Сондықтан егер бір отбасы бір үйде тұрса, онда олар бәрі бірге отырып,  Жаңа жылды қарсы алып, тойлай алады", - деді ол.
Бұған дейін Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің «Алматы қаласында коронавирус инфекцияның алдын алу жөніндегі шаралар туралы» жаңа қаулысы шыққанын жазған болатынбыз.