Қызылорда: Автобус апатынан 7 адам ажал құшты
Қызылорда: Автобус апатынан 7 адам ажал құшты
285
оқылды

Бүгін «Қызылорда-Құмкөл» тасжолында жолаушылар автобусы жолдан шығып кетіп, аударылған.

ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиғаға жолдың тайғақ болғаны себеп болуы мүмкін.

«3 желтоқсанда сағат 05.25-те «Қызылорда-Құмкөл» тасжолында жолаушылар автобусының жүргізушісі көктайғақ салдарынан рульді басқара алмай, көлік аударылып қалған» делінген ТЖК таратқан хабарламада. Автобуста 35 жолаушы болған.

Апаттан 7 адам ажал құшқан, оның бірі ауруханаға апара жатқан жолда қайтыс болған.

Автобус «Құмкөл-Қызылорда» бағытында кетіп бара жатқан. Оқиға Қызылордадан 85 шақырым қашықтықта болған. Қызылорда облыстық ТЖД базасында жедел штаб ұйымдастырылды. 8 (7242) 24-41-61, 70-03-28 телефондары бойынша жедел желі ашылды.