Маңғыстау облысында 18 жаңа мектеп салынады
Маңғыстау облысында 18 жаңа мектеп салынады
202
оқылды
22 желтоқсанда елімізде Nur Otan партиясының сайлауалды үгіт науқанының екінші толқыны басталды. Штаб мүшелері мен кандидаттардың аймақтағы халықпен және ұжымдармен кездесулері жалғасуда. 24 желтоқсан Қарақия кәсіптік колледжінде партияның аудандық сайлау штабының мүшесі Едіге Қайырбек және аудандық мәслихат депутатына кандидат Далабай Бекмағамбетов оқу орнының ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында колледж оқытушылары ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және мемлекеттің қамқорлығы арқасында жыл сайын білім гранттары бөлінуі артып жатқанын айтты. «Бұл жетістіктерге тәуелсіздігіміз бен партия жұмыстарының арқасында қол жеткізілді», – деп атап өтті. Сайлауалды бағдарламаға сәйкес Маңғыстау облысының аудандары мен қалаларында 18 жаңа мектеп салу жоспарлануда. Қашықтан оқыту технологиясы енгізіледі. Үйде қашықтан оқыту үшін аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар кезең-кезеңімен компьютерлік техникамен қамтамасыз етіледі (жыл сайын орта есеппен 300-400 бірлікке дейін). Мектептерде ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда. Кадр тапшылығы шешіліп, 2025 жылға қарай кадрларды даярлау сапасын арттыру және дуальды білім беру қағидаттарын енгізу есебінен бітіруші түлектерді 70%-ке дейін жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Бұл шаралар 212 мың бала мен 18 мыңнан астам педагог үшін білім беру саласында қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді. Кездесуде проблемалық мәселелер туралы да сөз қозғалды. Оқу орнының оқытушылары мен қызметкерлері жол салу мәселесін көтерді, Қарақия кәсіптік колледжінің ғимараты жанынан асфальт жол салуды сұрады. Сұрақ назарға алынды. Кездесуді қорытындылай келе, Қарақия кәсіптік колледжінің директоры және депутаттық мандатқа кандидат Далабай Бекмағамбетов аудандық штаб мүшелеріне алғысын білдіріп, қатысушыларды 2021 жылғы 10 қаңтардағы сайлауға қатысуға, Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.

Nur Otan партиясы Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Сайлау қоры қаражаты есебінен төленді