Ауа райы: қар жауып, боран соғады
Ауа райы: қар жауып, боран соғады
5,144
оқылды

Кейбір аймақта тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстік пен шығыста жаяу бұрқасын соғады, оңтүстікте көктайғақ болуы ықтимал.

Тек қана батыс пен оңтүстік-шығыста күн райы ашық болады. Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын соғады. Ақмола, Павлодар облыстарында тұман түсуі мүмкін. Түркістан облысында тұман түседі, көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, түнде және таңертең Алматы облысы аумағында тұман түседі.

Түнде Алматы, Маңғыстау облысында қатты аяз болады.