«Ауыл» партиясының өкілдері Қазақстандағы ЕО өкілдігінің саясат бөлімінің басшысы, уақытша Сенімді Өкіл, елшінің орынбасары, Мадалински Мачей мырзамен онлайн режимде кездесу өткізді. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуде партия төрағасы Әли Бектаев партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, қоғамдық штабтардың жұмысы және жалпы үгіт-насихат науқанының ұйымдастыру кезеңі туралы айтып берді. – «Ауыл» партиясы еліміздің әрбір тұрғынына жол ашпақ. 20-желтоқсан күні еліміздің барлық өңірінде «Ауылдан ауылға» акциясы басталды. Акция барысында әр түрлі деңгейдегі депутаттыққа кандидаттар 400-ден астам ауылға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу жоспарланған, – деді Әли Бектаев.Еуроодақ елшілері партия қызметін көптен бері бақылап жүргенін, алдағы сайлауда партияға табыс тілейтінін атап өтті.
Тұмар МЫРЗА