Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Рахимбеков Асет Жақсылықұлы және аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Алиева Торғын Сатыбалдықызы жүргізді. Үміткерлер Еркіншілік ауыл тұрғындарымен жүздесіп, ауыл жағдайымен танысып қайтты. Ауыл тұрғындары үміткерлерге ауыл аймақты абаттандыру жөнінде сауалдарын жолдады. Ауылдың ақсақалдары тілектерін білдіріп, алдағы сайлауда сәттілік тіледі.
Партия ауылды дамытуды өзінің сайлауалды бағдарламасында жазғанын Асет Жақсылықұлы мәлімдеді. Сондай-ақ алдағы 5 жыл бойы ауданымызда жаңа жұмыс орындары ашылатынын жеткізді. Торғын Сатыбалдықызы өз сөзінде Nur Otan партиясы көмекке мұқтаж жандарға әрдайым әлеуметтік көмек көрсетіледі деді. Биыл пандемия салдарынан уақытша жұмыс орындарынан айырылған отбасыларға материалдық көмек көрсетілді деді үміткер. Сонымен қатар Nur Otan партиясы ауыл-аймақтарды таза ауыз сумен қамтамасыз етеді. Жол мәселесі де шешімін табады. Еліміздегі пандемияға қарамастан Nur Otan партиясы әрбір жанға қолдау көрсетуді жалғастыра береді. Партияның аудандық бағдарламасында экономикалық дамуға, әлуеметтік тұрақтылыққа ерекше назар аударылған. Партия әділдік пен ашық жүйені қолдайды.Nur Otan партиясының Ерейментау ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді.