Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

Салығын төлеп, солығын басты

Айхан ШӘРІП
Желтоқсан 4, 2019
Саясат
1.9k
қаралым

Шағын және орта бизнес өкілдеріне Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді

Салықтан босату – шағын бизнеске қолдау

Бизнесті сақтаудың жолы бар ма?

Келесі жылы ұсақ және шағын бизнес 3 жылға салық төлеуден босатылады. Бірақ бұл кәсіпкерлер 2020 жы­лы онлайн бақылау-кассалық аппарат орнату мін­де­тінен босатылмайды. Өйткені ол құрылғы бизнес са­лық төлемесе де, оның айналымын есепке алу үшін қажет көрінеді. Ал салық ауыртпалығы жер қойнауын пайда­ланушыларға, арақ-шарап, темекі сатушыларға, ойын бизнесіне, шетелден тауар импорттаушыларға түспек.

Премьер-Министр Асқар Ма­миннің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында салық пен кедендік әкімшілендіруді жетіл­діру жұмысының 2019 жылғы он айдағы қорытындысы шыға­ры­лып, алдағы міндеттер белгіленді.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары – Қаржы министрі Ә.Смайыловтың айтуынша, ар­найы салық режимін қолданатын микро және шағын бизнес 2020 жылдың басында табысқа салы­натын салықтан 3 жылға боса­тылады. Бұл салықты тек жер қойнауын пайдаланушылар, акциздік өнімдерді өндірушілер, ойын бизнесі, сыртқы эконо­микалық қызмет қатысушылары ары қарай төлей береді.

Сонымен бірге жаңа жылда шағын және орта бизнесті тек­серуге үш жылдық мораторий күшіне енеді. Бірақ ол кедендік тексеруге, қарама-қарсы салық­тық тексеруге, қылмыстық іс шең­берінде жүргізілетін және салық төлеушінің өтініші бо­йынша өзінің қызметіне қатысты тексерулерге таралмайды.

Әлихан Смайылов ұсақ және шағын кәсіпкерлер онлайн түрде деректер беретін бақылау-кас­салық машинаны және POS-тер­миналды міндетті түрде пай­да­ланулары, сондай-ақ салықтық есепті тапсырып отыруы тиіс екенін нықтады.

Ол Ұлттық қордан алынатын трансферттерді қоспағанда, 2019 жылғы республикалық бюджет кірістерінің нақтыланған бол­жамы 7 трлн 81 млрд теңге сома­сында айқындалғанын мәлім етті. Сөйтіп, 2018 жылмен салыс­тыр­ғанда 1 трлн 233 млрд теңгеге аса­­ды деп болжануда. Оның ішін­де қосылған құн салығы 282 млрд теңгеге, корпоративтік табыс са­­лығы 194 млрд теңгеге, еңбе­ка­қы қорынан салықтар 95 млрд тең­геге өскен. Кедендік төлемдер де ұлғаюда: Еуразиялық одақтан келетін қосылған құн салығы 88 млрд теңгеге, ал үшін­ші елдерден ҚҚС 73 млрд теңгеге көбейіпті.

Сондай-ақ салық төлеуді ын­таландыру шаралары қабылда­нып отыр. Мысалы, шағын және орта бизнеске 2019 жылдың қаң­тарынан, ал жеке тұлғаларға та­мыздан бастап, негізгі қарызды төлеген жағдайда бұрын есеп­телген өсімпұлдар мен айыппұл­дарды жою арқылы салық амнис­тиясы жүргізілуде. Бірінші вице-премьер бұл 23 млрд теңге салық қарызының жабылуына ықпал еткенін мәлімдеді. 1 қа­ра­шадағы жағдай бойынша 13 млрд теңге са­лығын өтеген шағын және орта бизнестің 4,4 млрд тең­ге, ал 10 млрд салық қарызын жапқан жеке тұлғалардың 2 млрд теңге айып­пұл­дары мен өсім­пұлдары есеп­тен шығарылды. Яғни, халық ең­сесін басқан бо­рышынан құтылды.

Ә.Смайылов елең еткізерлік жаңалықты жеткізді: келер жылы қазақ-қытай шекарасындағы контрабандаға жойқын соққы берілуі мүмкін.

– Бүгінде Қазақстан мен Қы­тайдың фискалдық органдары «Экспорттық декларациялардан алдын ала ақпаратпен алмасу туралы хаттама» аясында элек­тронды байланыс арналарын жолға қоюда. Жыл соңына дейін деректермен онлайн алмасу жү­зеге асырылады, – деді ол.

Осылайша, Қытай жақтан бері өтіп жатқан әр алып жүк көлігіндегі тауардың нақты қан­ша тұратыны жайында біздің құзырлы органдар жедел құ­лағ­дар болады. Бұл импорттаушы кәсіпкердің салықтан жалтару үшін кеденшіге пара беріп, ымыраласуын мәнсіз етуге тиіс.

 
Тегтер: кассалық аппаратонлайн бақылауСалығын төлепшағын бизнес
Алдыңғы жаңалық

Марафон Қызылордада жалғасты

Келесі жаңалық

Қартаю мен ортаю

Ұқсас жаңалықтар

қос азаматтық, шенеунік, мемлекеттік қызмет, Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтар

Тоқаев қос азаматтығы бар шенеуніктерге қатысты пікір білдірді

Ақпан 25, 2021
Әлібек Қуантыров Ұлттық экономика вице-министрі болды
Жаңалықтар

Әлібек Қуантыров Ұлттық экономика вице-министрі болды

Ақпан 25, 2021
Мұрат Нұртілеу, қызмет, тағайындау
Жаңалықтар

Мұрат Нұртілеу жаңа қызметке тағайындалды

Ақпан 25, 2021
Ұлттық кеңес, жиын, мәселе
Жаңалықтар

Бүгін Ұлттық кеңестің отырысы өтеді

Ақпан 25, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемдегі ең сұлу волейболшы қыз кім?

Ақпан 26, 00:07

Аяғы ауыр әйел мінген жедел жәрдем көлігі боранда қалып қойды

Ақпан 25, 23:42

«Ұзыншұлық Пиппи» тұңғыш рет қазақ тіліне аударылды

Ақпан 25, 23:21

Айдабол зауыты жабылмайтын болды

Ақпан 25, 23:18

Дәрігер-диетолог сағыз шайнау мен оны жұтып қоюдың қауіпін айтты

Ақпан 25, 23:01

Жемқорлық заңға құрмет көрсетпеуден басталады

Ақпан 25, 22:32

Солтүстік Қазақстан облысында карантин жеңілдетілді

Ақпан 25, 22:20
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

волейбол

Әлемдегі ең сұлу волейболшы қыз кім?

Ақпан 26, 2021
жедел жәрдем

Аяғы ауыр әйел мінген жедел жәрдем көлігі боранда қалып қойды

Ақпан 25, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»