Road Show: IPO емес, дегенмен бұл да инвесторлар үшін
Road Show: IPO емес, дегенмен бұл да инвесторлар үшін
220
оқылды

Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ өз өнімдерін ақпараттық ілгерілету аясында Road Show форматын пайдалана бастады. Айта кету керек, шетелде бұл тәсіл компания акцияларын бастапқы жария орналастыру (IPO) кезінде инвестиция­лар тарту үшін қолданылады.

Студенттік жатақханалар құры­лысының жаңа тетігі іске қосылған сәттен бастап жеке инвесторлармен өзара іс-қимыл жасау міндеті жаңа ауқымға ие болды. Мемлекет студ­ент­тік жатақханаларда жаңа төсек-орын енгізу бойынша жобаларға кәсіп­керлердің әлеуетін кеңінен тартуға ниетті.

Алдағы уақытта студенттерге ар­налған уақытша тұрғын үй нары­ғында ЖОО-мен қатар жеке сектор ретінде жаңа қатысушылар пайда болады деп күтілуде. Осыған сәйкес мемлекет инвестор шығыстарының негізгі бөлігін өтеуді өзіне алуға және бұл ретте жа­тақ­хананы оның мен­шігінде қалдыруға дайын, бұл осы болжамдарға арналған ын­таландыру шараларының негізі бо­лып табы­лады. Ынтымақ­тас­тық­тың жал­ғыз шар­ты енгізілетін ны­сан­ның ны­са­на­лы мақсатын өзгертуге шектеу қа­былдау болып табылады. Қар­а­па­йым сөзбен айтқанда, нақты әлеу­меттік әсер­ді қамтамасыз ету үшін 20 жыл ішін­де енгізілген жатақхана студент жас­тардың қажеттілігін жабу үшін жұмыс істеуі тиіс.

2.jpeg

 «Әлеуметтік инвестициялардың жаңа форматы» БАҚ үшін брифинг.  Тараз қаласы


3.jpg

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында кәсіпкерлермен кездесу.  Орал қаласы


Қаржы орталығы аймақ кәсіп­керлерін осы тетіктің мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру мақсатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер па­латасының және «Даму» кәсіп­кер­лікті дамыту қорының қолдауымен ай­мақтарда Road Show акциясын өт­кізді. Форматтың басты ерекшелігі – нақты инвестордың мүдделері мен мүмкін­діктерін ескере отырып, жо­ба­ларға қатысу үшін атаулы кеңес беру.

Іс-шарамен Шымкент, Түркіс­тан, Тараз, Ақтөбе, Орал, Қостанай және Павлодар қалалары қамтылды. Осы өңірлердің әрқайсысында БАҚ, оқу орындары, құрылыс компания­лары мен коммерциялық құрылым­дар өкілдерінің қатысуымен іс-ша­ра­лар ұйымдастырылды.

4.jpeg

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өңірлік филиалы алаңында коммерциялық банк өкілдерімен кездесу. Ақтөбе қаласы


5.jpeg

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында кәсіпкерлер және оқу орындарымен кездесу. Қостанай қаласы


6.jpg

Еrtis аймақтық телеарнасында студенттік жатақханалар салу мәсе­ле­ле­ріне арналған тақырыптық телебағдарламаға қатысу. Павлодар қаласы


Жалпы, акция қорытындысы бойынша 6 жеке кәсіпкер және 1 жеке ЖОО-мен келісімшартқа қол қойылды. Қол жеткізілген келісімдер аясында 2021 жылдың соңына дейін студенттер үшін 2 мың жаңа төсек-орын енгізу жоспарлануда.

Қаржы орталығының өнімдерін Road Show форматында ақпараттық ілгерілету жөніндегі жұмыс келесі жылы жалғасатын болады. Кесте және өткізу орындары туралы ақпарат тетік­тің studdom.kz промо-сайтында немесе 8 800 080 28 28 телефоны арқылы (қо­ңы­рау шалу тегін) қолжетімді болады.

 

«Қаржы орталығы» АҚ