«Жас алау» – жеңімпаз
«Жас алау» – жеңімпаз
219
оқылды

Тұңғыш Президент күніне орай «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге арналған «Жастық. Дарын. Болашақ» атты дәстүрлі тіл конкурсы өтті.

Ұлттық оператордың ком­паниялар тобы дәстүрлі іс-ша­раны бесінші рет өткізіп отыр. Ана тілі – туған елдің асыл қазынасы деп санайтын жас мамандар бұл шараның жоғары деңгейде өтуіне жан-жақты ат­салысты. Жыл сайын конкурс өт­кізу үшін ерекше, бірегей ұсы­ныстар таңдалады. Бұл жо­лы кәсіптік қызметтің әртүрлі саласын білдіретін газ өндіру, газ тасымалдау және газ тарату­ бағыттары бойынша үш аралас команда өзара сайысқа түсіп, шын жүйріктер мен нағыз мық­тылар анықталды.

Қатысушылар бизнес-про­цесстің осы үш бағыты бойынша тапсырмалар орындады. «Та­ны­са біл, тани жүр» атты дәстүрлі капитандар конкурсы, «Тез тап, латынмен жаз» атты екінші ай­налымда командалар тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен ком­панияның тарихына қатысты сұрақтарға латын қарпінде жа­уап берді. Конкурс «Өнерім – өшпес қазынам» атты шығар­машылық турмен аяқталды. Онда конкурсанттар өздерінің өнерін әрі актерлік шеберлік­терін көрсетті.

Конкурстың негізгі мақса­ты – мемлекеттік тілдің мәрте­бесін көтеру және оны мең­ге­ру­де қоғамдық қызығушылықты арттыру, қазақ елінің салт-дәс­түрі мен мәдениетін насихаттау.

Айта кетерлігі, газ сала­сы­ның мамандары күнделікті өмір­де, қызметте ана тілін емін-еркін қолданатындарын көр­сетті. Бұған қоса, іс-шарада латын әліпбиіне байланысты пі­кірталас пен арнайы тапсыр­маларды орындады.

Қазылар алқасының шеші­мімен ұпай саны бойынша ба­сым түскен газ тасымал­дау­шы­лардың «Жас алау» командасы бас жүлдені жеңіп алды.

Екінші орынға газ өндіру­шілер блогының «Жалынды жас­тар» командасы ие болды. Үшінші орынды газ тарату­шы­лардың «Жалынды қырандар» командасы иеленді.

Байқау жеңімпаздары құнды сыйлықтармен және диплом­дармен марапатталды.

Конкурсқа қатысушының барлығы ана тіліне деген құрме­тін, салт-дәстүр мен тәуелсіз Қа­зақстанның тарихын, сон­дай-ақ компанияның өндірістік және қызметтік тарихын тама­ша меңгергендерін көрсетті.

 

М.БАҚЫТ