Синоптиктер Қазақстанда қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты
Синоптиктер Қазақстанда қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты
179
оқылды
Қаңтар - жыл iшiндегi ең суық ай. Ұзақ мерзімді мәліметтерге қарағанда, Сібір аймақтарынан арктикалық ауаның таралу кезінде абсолюттік минималды температураның төмендеуі -48-54 °C дейін жетуі мүмкін (мысалы, 1893 жылы 5 қаңтарда еліміздің астанасында -51,6°C тіркелген). ал оңтүстік облыстарда -30-43 °C дейін (1969 ж. 29 қаңтарында Алматы М -30,1 °C) байқалды, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. Ауаның максималды температурасы кейбір жылдары +3+9°С дейін жоғарылаған (1948 жылы 9 қаңтарда еліміздің астанасында +5,0°С, 2015 жылғы 8 қаңтарда +3,8°С болды), Қазақстанның оңтүстік бөлігінде +15+22°С дейін жоғарылаған (1940 жылы 05 қаңтарда Алматы М +16,8°С, Шымкент М абсолюттік максимумның тіркелген күні 2002 жылы 4 қаңтарда +22,2°С болды). Қаңтарда жауын-шашынның мөлшерi республика бойынша таралуы бiркелкi емес, Қазақстанның көптеген бөлiгiнде жауын-шашынның таралуы 10-нан 30 мм дейiн, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтардың таулы аудандарында көбірек жауады, 40-82 мм құрайды. 1969 жылы Чуулдак М 214 мм байқалды, ал еліміздің астанасында рекорд 1928 жылы орнатылды және 110 мм жауды. Консультативтік болжамға сәйкес, 2021 жылы қаңтарда республиканың басым бөлігінде ауа температурасы қалыпты шамада болжануда, Қазақстанның шығыс жартысында ауа температурасы 1°C мөлшерден төмен күтіледі. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында, республиканың қиыр батысында – нормадан көп,  солтүстік-батыста, орталықта, Қазақстанның солтүстік мен оңтүстіктің кей жерлерде нормадан аз болжанады. Қаңтардың бірінші және үшінші онкүндіктерде суық толқындар күтіледі. Ауа температурасының едәуір төмендеуі қаңтардың екінші жартысында болжанады, ауа температурасы: солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде -25-35 °С дейін, кей жерлерде -39 °С дейін, күндіз -20-27 °С дейін; республиканың батысында түнде -20-27 °С дейін, күндіз -10-20 °С дейін; оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде -15-25 °С дейін, кей жерлерде -30 °С, күндіз -7-15 °С дейін төмендейді.