12 көпір күрделі жөндеуден өтеді
12 көпір күрделі жөндеуден өтеді
169
оқылды

Облыстық қоғамдық штаб мүшелері мен қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер жылдың төрт мезгілінде де жол бойынан табылатын жолшылармен жүзбе жүз кездесті.

Жол дистанциясының мәжіліс залына кездесуге келген поездардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда орындары бөлек бұл саланың мамандарына бүгін партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді. Облыстың қоғамдық штаб мүшесі Базара Танбаева экономиканың басым салаларының бірі өнеркәсіпті дамытуда Nur Otan партиясының бағдарына тоқтап, онда жаңа жұмыс орындарын құруда партияның алға қойған міндеттері мен ірі жобаларын айтып өтсе, Ибраким Басықараев жол сапасын жақсартудағы партияның мақсаты жол және көлік инфрақұрылым сапасын арттыруда 50 шақырым автомобиль жолын салу, 579 шақырым күрделі және орташа жөндеу, 12 көпірді күрделі жөндеудегі ойымен бөлісті.

12 көпір Одан бөлек қалалық мәслихат депутатығына үміткер Әбдіғабит Әбләзім медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруда партияның қол жеткізетін іс шараларындағы шет елдің жетекші клиникаларында жыл сайын кемінде 6 дәрігердің кәсіби біліктілігін арттыру мен тәжірибеден өтуін, жетіспейтін мамандарды дайындауда облыс әкімінің грантын бөлуге қатысты ойын жеткізді. Кездесуде көп мәселе сөз болды. Партия бағдарламасын талқылау барысында туындаған сұрақтарға теміржолшылар тұщымды жауаптарын да алып отырды. Аймақты дамытудың жеті басымдығын таныстыру соңында облыстық қоғамдық штаб мүшелері мен үміткерлер Nur Otan-ға дауыс беруге шақырды.

Nur Otan партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.