Жаңа жыл мерекесі кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жеке және заңды тұлғалардың пиротехникалық заттар мен оларды қолданудың белгіленген ережелерін сақтауы бойынша Полиция департаментімен бірлесіп, пиротехникалық өнімдерді заңсыз сату орындарын анықтау үшін 2020 жылғы 15 желтоқсаннан 2021 жылғы 7 қаңтарға дейінгі аралықта бірлескен іс-шаралар өткізу жоспары жасалып, бекітілді. Аталған жоспарды іске асыру шеңберінде 40 іс-шара өткізіліп, полиция қызметкерлері 826 келі сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді тәркіледі.
Айтқандай, алматылықтарға пиротехниканы қолдану арқылы жаңажылдық мерекені өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді. Алматы қаласында жыл сайын жаңа жыл мерекесінде 10-15 шақты өрт болады (жылжымалы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанынан 5 қаңтарына дейінгі аралықта), ал өрттің жалпы санының 30 пайызы пиротехникалық бұйымдарды қолдану салдарынан орын алады. Соңғы 5 жылда болған 76 өрттің 16-сы пиротехниканы қолданудан болған. Шаралар барысында тұрғындар арасында пиротехниканы дұрыс қолдану туралы 2 000-нан астам жадынама, брошюра мен ескертпе таратылды. Полиция қызметкерлері Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 196-бабының 1-бөлімі бойынша 8 әкімшілік хаттама толтырды. (Тауарлармен немесе өзге заттармен заңсыз сауда жасау. Қазақстан заңнамасында тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге заттармен сауда жасау 25 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салуға әкеліп соғады).Қ.САПАР