96 жастағы әже Абай өлеңдерін жатқа оқиды
96 жастағы әже Абай өлеңдерін жатқа оқиды
208
оқылды

Рахиля Ержанова 96 жасқа келгеніне қарамастан, Абайдың өлеңдерін жатқа оқиды екен.  Кейуана Балқаш қаласында тұрады екен.

ҚазАқпараттың мәліметінше, Рахила Ержанова 1924 жылы Тасарал ауылында дүниеге келген. Ауыл мектебінде жақсы оқыған ол,  бесінші сыныпқа дейін білім алыпты. Кейін жұмыс істеп, тұрмысқа шығып, екі баланың анасы атанған. Ол өмір бойы жолдасымен бірге Балқаш көлінде балық аулаумен айналысқан. Соған қарамастан әже оқуға әрқашан уақыт тауып, балаларының әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятқан екен.

«Ол кезде оқи алатын әйелдер аз болатын. Келіндер үй шаруашылығымен айналысуы керек еді. Бірақ менің анам оқығанды ұнататын және үнемі кітап оқып жүретін. Әсіресе қазақ ақындарының шығармаларын сүйіп оқиды. Анамның бұл қасиеті балаларына да жақсы әсер етті», - дейді Рахила Ержанованың қызы Баян Аяшбекова.

Қазір Рахила әженің 9 немересі және 16 шөбересі бар, олардың барлығы өлең оқиды. Көру қабілетінің нашарласа да әжейдің оқуға деген ықыласы әлі де зор.