Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет кодексіне өзгертулер енгізбек
Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет кодексіне өзгертулер енгізбек
254
оқылды
Қазақстан прездиенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды деп хабарлайды Ақорда. "Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген ресми хабарламада. Енді заңның мәтіні баспасөзде жарияланатын болады. Заң жобасы бюджеттік заңнама мен бюджеттік процедураларды жетілдіру мақсатында әзірленген және мынадай мәселелерді шешуге бағытталған: стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды үйлестіру; бюджет қаражатының экономикалық қайтарымын арттыру; бюджеттік жоспарлау сапасын күшейте отырып, мемлекеттік органдардың тәуелсіздігі мен жауапкершілігін арттыру. Айта кетейік, мұндай шешімдер бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шегін анықтау тәсілдерінің өзгеруін қамтамасыз етеді; мемлекеттік органдар бюджеттік өтінім шеңберінде бюджеттік инвестициялар мен субсидияларға шығындардың экономикалық тиімділігін бағалайды; шығыстардың жаңа бастамалары бойынша ғана есептеумен бюджеттік өтінімдерді енгізуді және тағы басқаларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.