«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы локомотив жөндейтін депоның ұжымымен кездесті
«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы локомотив жөндейтін депоның ұжымымен кездесті
219
оқылды
«Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы Арыс қаласындағы SGM-group компаниясының локомотив жөндейтін депосының ұжымымен кездесті. Бұл туралы партия төрағасы Азат Перуашев әлеуметтік желіде жазды. 
"Арыс қаласында SGM-group компаниясының локомотив жөндейтін депосының ұжымымен кездестік. “Ақ жол” демократиялық партиясының ұстанымдарын талқылай отырып,  жұмысшыларды алаңдататын проблемалар жөнінде де пікір алмастық. Әрине, теміржолшылардың жалақылары жаман емес, жағдайларына сенімді. Дегенмен несие 25-28 процент болып тұрғанда мұндай жүкті көтеру мүмкін емес. Бұл жөнінде партиямыздың Ұлттық банкке “базалық ставканы 4-5 процентке төмендету керек” деп алты сауал жолдағаны туралы баяндадық, - деп жазды ол.