Президент көмекшісі қазақстандық QAZCOVID-IN вакцинасын салдырды.
Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 25 желтоқсанда Президент көмекшісі Ерлан Каринге қазақстандық вакцина егілгенін хабарлады. 19 желтоқсанда БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ ғалымдары әзірлеген QAZCOVID-IN қазақстандық инактивтендірілген вакцинаға клиникалық зерттеудің үшінші кезеңі басталған болатын.
"244 қазақстандық қатысқан клиникалық зерттеулердің бірінші және екінші фазаларының нәтижелері көрсеткендей, вакцина қауіпсіз, антиденелер қалыптастырады, жасушалық және гуморальдық иммунитетті индукциялайды. Клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңіне үш мың ерікті қатысады", – делінген ведомство хабарламасында.