Алматылық Медеу сатысымен қатарынан 20 рет көтеріліп, Қазақстанның рекордтар кітабына енді
Алматылық Медеу сатысымен қатарынан 20 рет көтеріліп, Қазақстанның рекордтар кітабына енді
175
оқылды
Алматылық Юрий Пономарев алты сағат 42 минутта Медеу сатысымен қатарынан 20 рет көтеріліп, Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Барлығы гаджеттердің көмегімен тіркелді. Осы уақыт ішінде төрт килограмм және 200 грамм салмақ жоғалтқан, 5000 мыңнан астам калория кетті. 16 мың 840 сатыдан жоғары және 16 840 сатыдан төмен түскен. "Көңіл-күй керемет, біз өз арманымызды жүзеге асыра алдық.Кәсіби скайраннерлер үшін бұл қиын емес", – деді Юрий Пономарев. Спортшы  1 айға жуық уақыт дайындалған. "Бұл менің алғашқы рекордым емес. Біріншісі өткен жылы, Жаңа жыл қарсаңында болды. Мен жыл сайын мереке қарсаңында осылай жасаймын деп шештім. Бұл мен үшін ғана емес. Мен жаттықтырушы болып жұмыс істеймін, бұл менің оқушыларым үшін салауатты өмір салтының және кедергілерді жеңудің, ынталандырудың жақсы үлгісі", – деді спортшы.