Синоптиктер 8 өңірде ескерту жариялады
Синоптиктер 8 өңірде ескерту жариялады
5,105
оқылды
"Қазгидромет" РМК 27 желтоқсан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. Атап айтқанда, Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз оңтүстіктен жел соғып, күші 15-20 м/с артады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болжанады. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетуі ықтимал.  Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, облыстың солтүстік-батысында күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, жылдамдығы - 18 м/с. Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. Түнде Қарағанды облысынның кей жерлерінде -35 градусқа дейінгі қатты аяз күтіледі.  Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Шымкент қаласында тұман, көктайғақ болжанады.  Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с.