Жаңа жыл мерекесі кезінде Қазақстанның көптеген облысында аяз болады деп күтілуде. Кейбір өңірлерде минус 42-43 градусқа дейін аяз түседі деп хабарлайды Қазгидромет.
Нұр-Сұлтанда 31 желтоқсанда көшпелі бұлт шығып, аздап қар жауады және бұрқасындатып, тұман түседі. Күндіз 20-25 градус, түнде 30-35 градус аяз. 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ал 1 қаңтарда ауа райы жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт шығып, тұман басады. Күндіз сынап бағанасы 25-30 градус, түнде 32-37 градус аяз түседі.
Алматыда 31 желтоқсанда қар жауып, тұман түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы минус 10-15 градус, түнде – минус 15-20 градус.