Ақтауда өлген аққу табылды
Ақтауда өлген аққу табылды
251
оқылды

Ақтау 1А ықшамауданындағы Жартас соқпағының басында теңіз жағасында өлген құс табылды. Бұл жайында Lada.kz хабарлады.

Басылым мәліметінше, экологтар "Қолдау-Экология" мамандандырылған орталығына хабарласуға кеңес берген, бірақ байланыс телефоны ақпарат жарияланған кезде сөндірулі болған. Қазір олар Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының түсініктемесін күтіп отыр. Алайда "ЭкоМаңғыстау" үкіметтік емес мекемесінің басшысы Кирилл Осин бұл жағдайға қатысты өз пікірін білдірді. "Ақтауда жабайы жануарларға көмек көрсету орталығы жоқ, бірақ қалалық әкімдік екі жыл бұрын үйсіз және жабайы жануарларға көмектесетін экологиялық орталықтың жобасын жүзеге асыруға екі гектар жер бөлуге уәде берген болатын. 2021 жылы болар деп үміттенейік. Әзірге арнайы орталық жоқ, бірақ мейірімді адамдар бар - бұл "Нэнси" ветеринарлық клиникасының жетекшісі Анна Простетова. Ол ешқашан бас тартпайды және әрқашан мүмкіндігінше көмекке келеді. Оның арқасында құтқарылған ондаған жануар өз мекеніне оралды. Енді қуанып жатыр едік, бүгін тағы бір аққу табылды. Адамдарға, балаларға, жасөспірімдерге не болғанын түсінбеймін. Бұл өте сұмдық жағдай", - дейді ол. [embed]https://youtu.be/9QAaihMMMuY[/embed]