ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлауды бақылау миссиясының мүшелері ADAL саяси партиясының өкілдері, Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Эльдар Жұмағазиев, Олжас Ордабаев және партия аппаратының басшысы Бауыржан Оразғалиевпен кездесті.
Кездесу басында ЕҚЫҰ/ ДИАҚБ миссиясының басшысы, елші Ярослав Марцин Домански партия өкілдеріне қабылдау үшін алғыс айтып, топ мүшелерімен таныстырды.
«Сіздің елге 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шақыруымен ЕҚЫҰ мүшелері ретінде келдік. Процестің халықаралық нормаларға қаншалықты сәйкес келетінін талдайтын боламыз», – деді Ярослав Домански.Миссия өкілдері ребрендинг, ADAL партиясының құрамы, сайлауалды бағдарламасы және партияның міндеттері туралы бірқатар сұрақ қойды. Тараптар сайлауда бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.
«Мәнді және өте маңызды кездесу үшін рақмет. Енді біз партияның формасын жақсы түсінеміз. Сізбен және аймақтардағы өкілдеріңізбен кездесуге мүмкіндік бергеніңіз үшін көп рақмет. Сайлауда жеңіс тілейміз», – деді ол.