Елордада 6 метрлік құрақ көрпе стиліндегі экошырша орнатылады.
Тоқыма туындыға мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары, қарттар үйіндегі зейнеткерлер, балалар үйі мен бірнеше қоғамдық қор үлесін қосқан, – деп хабарлайды Хабар 24. Ерекше стильдегі туынды қазақи нақышта болмақ. Жобаға 100-ден аса ерікті қатысқан. 6 метрлік шыршаны безендіруге Петропавл, Атырау және Тараз қалаларының еріктілері қатысты. Биіктігі 6 метр экошырша велюрдан тоқылады. Қазақстанның барлық аймағындағы еріктілер жобаға өз үлесін қоса алады. Қосшы ауылының тұрғыны Әсем де жобаға өз үлесін қосып жатыр. Ол 8 жасынан бастап әжесімен бірге түрлі-түсті жіптермен тоқыма тоқып, әртүрлі туындылар жасайды.
– Экошыршаға көмектескім келді. Кеше 8 тал тоқыдым, осында алтауын тоқыдым, қазір екеу тоқыдым. Мен қызығамын ғой осыған. Тоқығанда шыдамдылықпен, баптап тоқу керек, сол кезде әдемі болып шығады, – дейді Қосшы ауылының тұрғыны Әсем Зейнолла.
[caption id="attachment_98419" align="alignnone" width="600"] Фото: 24 kz[/caption]
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұған 2 мыңға жуық құрақ жұмсалады. Жоба аясында ең көп тоқыған рекорд иесі анықталатын болады.