Өзге аймақтарда ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады.
Кей өңірде тұман, жаяу бұрқасын болуы ықтимал.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысында тұман, бұрқасын, желдің екпіні 15-23 м/с-ке дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болуы мүмкін.
Жамбыл, Алматы облысында тұман басады. Жел екпіні 15-22 м/с-ке дейін күшейеді.
Атырау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облысында тұман, Атырау облысында көктайғақ болады.