Ninety one жылына қанша табыс табады?
Ninety one жылына қанша табыс табады?

Ninety one-ның продюсері Ерболат Беделхан топтың бір жылда қанша табыс табатынын айтты.

Аман Тасығанның TalkLike бағдарламасында Ерболат Беделхан: «Ninety one бір жылда 100 миллион теңге табыс табады. Бірақ топтағы әр әнші қанша айлық алатынын нақты айта алмаймын» деп айтты.

Бағдарлама барысында жүргізушінің «Топтағы әншілерге жалақы төлеген кезде девальвация ескеріле ме?» деген сауалға топ жетекшісі «жалақы тағайындағанда елдегі дағдарыс, экономикалық құлдырау ескеріледі» деп жауап берді.