Оқу жылы басталғалы 3,6 мың оқушы коронавирус жұқтырды
Оқу жылы басталғалы 3,6 мың оқушы коронавирус жұқтырды
190
оқылды
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шорановтың айтуынша, оқушылар арасында коронавирус жұқтыру жағдайы өскен. Оқу жылы басталғалы 3658 оқушының коронавирус жұқтырғаны анықталған, - деп жазады azattyq-ruhy.kz. COVID-19 жұқтырған оқушылардың басым көпшілігі Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Оның ішінде кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында - 994 жағдай, қашықтықтан оқитын балалар арасында - 2 664 жағдай тіркелген. Одан бөлек, вице-министр коронавирустың таралу қаупі бойынша «қызыл», «сары» және «жасыл» аймаққа кірген облыстарға ерекше карантиндік талаптар қойылатынын айтты. «Сары» аймаққа кірген облыстарда мейрамханаға 30-50 адамға дейін жиналуға рұқсат етілген. Ал, «қызыл» аймаққа кірген облыстар мен қалаларда бұл көрсеткіш 30-ға дейін ғана шектелген. Сондай-ақ ауқымды, ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.