Бердібек Сапарбаевқа коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина салынды
Бердібек Сапарбаевқа коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина салынды
207
оқылды

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирусына қарсы  қазақстандық QazCovid-in қазақстандық вакцинасын қабылады. Вакцина клиникалық зерттеулерден тыс ерікті түрде егілді, - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы вакцина тиімді тестілеумен және қолданыстағы алдын алу шараларымен бірге пандемияны бақылауға алуға көмектесетін маңызды құралға айналатынын атап өтті.

- Әлемдік сарапшылар қауіпсіз және тиімді вакцинаны жасау мен өндіруді жеделдету үшін көп жұмыс істеуде. Қордай ауданында орналасқан биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ-ы өзіміздің қазақстандық вакцинамызды да әзірледі. Еріктілерге арналған клиникалық зерттеулердің алғашқы екі кезеңі  сәтті өтті, олар да жақсы нәтиже көрсетті және жанама әсерлер болған жоқ. Қазіргі таңда Таразда клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі жүргізілуде. Қазақстандық вакцина оң нәтиже көрсетіп, жаппай қолдануға ұсынылады деп үміттенемін, - деді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ облыс әкімімен бірге С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры Талғат Нұрғожинге де отандық вакцина егілді.

19 желтоқсаннан бастап Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірлеген QazCovid-in вакцинасының клиникалық сынақтарының үшінші кезеңі жүргізілуде.