Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова мен оның күйеуі Саят Тостықбаев үйлену тойын Алматы облыстық №1 балалар үйіне барып атап өтті. Бұл туралы белгілі блогер Бейбіт Әлібеков өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
Бейбіт Әлібеков балалар үйінің алдында түскен жас жұбайлардың суретін жариялап, олардың 100-ден астам баланың көңілін көтергенін айтты.
«Жастарға бақыт тілеймін. Саят пен Сабина керемет үлгі көрсетті. Пандемия кезінде үйлену тойын 100-ден астам баламен көңіл көтеру арқылы атап өтуге болады», - деп жазды Әлібеков.
Бұған дейін желіде Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шығу сәтінен видео пада болғанын жазған болатынбыз.