28 желтоқсанда Алматыда Nur Otan партиясының мәслихат депутаттығына үміткерлердің Алматы құрылыс-техникалық колледжінің ұжымымен кездесуі өтті. Кандидаттар сайлаушыларды партияның сайлауалды бағдарламасының ережелерімен таныстырды.
Депутаттыққа кандидат Серік Әубәкіров өз сөзінде Алматы – еліміздің іскерлік астанасы, Орталық Азия өңірінің негізгі көлік-логистикалық тораптарының бірі екенін атап өтті. «Әлемнің үздік мегаполистерінің қатарына кіру үшін қаламызға жылына кемінде 5% экономикалық өсім қажет. Бұған еңбек өнімділігін арттыру арқылы ғана қол жеткізуге болады», – деді ол. «Алматы экономикасының өсуі үшін алдағы 5 жылда Nur Otan партиясы әлеуеті жоғары басым секторлардың қатарында креативті индустрияны айқындады. Бұл жыл сайын 30 миллионға жуық жұмыс орнын ашатын әлемдік экономиканың қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі», – деп атап өтті депутаттыққа кандидат Төлеуғали Тайтөлеев.Мәслихат депутаттығына кандидаттар, олардың ішінде Мамед Насимов сайлаушылардың көптеген сұрақтарына жауап беріп, партия азаматтардың барлық тілектерін бақылауға алатынына уәде берді. Nur Otan партиясына дауыс беріңіз!Мәслихат депутаттығына кандидат Ғани Мырзахановтың айтуынша, Алматы дизайн, сәулет, музыка, әдебиет, сән, медиа, цифрлық өнер, кино, анимация және театрды дамыта отырып, Орталық Азияның креативті индустриясының орталығына айналуға мүмкіндігі бар. «Алдағы бес жылда креативті индустрияда қалада 15 мыңға жуық тұрақты және жыл сайын кемінде 5 мың уақытша жұмыс орны құрылады», – деп атап өтті ол.
Nur Otan партиясы Алматы қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді