Шалқар ауданының ауылдарында клуб салынып, мәдениет үйі жөнделеді
Шалқар ауданының ауылдарында клуб салынып, мәдениет үйі жөнделеді
406
оқылды

Nur Otan партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Динара Алшора онлайн форматта Шалқар ауданының этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті.

Бүгінгі күні ауданда 10-нан астам ұлттың өкілі бар. Олар түрлі салада еңбек етеді. Өзге ұлт өкілдерімен онлайн режим арқылы пікір алмасып, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірген үміткер алдағы жылдары ауданда қандай жобалар жүзеге асырылатынын баяндап берді. – Қоғамдық бірлік пен ұлтаралық келісім – бұл Қазақстанның табысты дамуының сенімді негізі. Сондықтан Nur Otan партиясы рухани жаңғыру идеясын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық сананы жаңғыртуды, қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтауды қолдайды. Қазіргі таңда ауданда Қазақстанның сакральды картасына енгізілген тарихи және мәдени мұра нысандары бар. Атап айтсақ, «Есет-Дәрібай» кесенесі, Арыстан батырдың мавзолейі, Балғасын қорымы, күйші Қазанғап Тілепбергенұлының бейіті, тағы басқалар. Алдағы уақытта осы тарихи ескерткіштерді қорғау, оларды насихаттау қолға алынбақ. Сонымен қатар алдағы бес жылда аудандағы елді мекендерде жаңа мәдениет ғимараттарын салу жоспарлануда, – деді үміткер. Атап айтсақ, 2022 жылы Қотыртас ауылында, 2023 жылы Мөңке би ауылында, 2024 жылы Аққайтым ауылында, 2025 жылы Қаратоғай ауылында ауылдық клуб салынып, Жылтыр ауылындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтеді. – Бүгінгі күні ауданда 12 мың жас тұрады. Партия алдағы уақытта аудан жастарын жан-жақты қолдау, оларды еңбекпен, баспанамен қамту үшін бірқатар жобаларды жүзеге асырмақ. Сондай-ақ жастардың қатысуымен «Берекелі шаңырақ» жобасы аясында аналар кеңестерінің жұмысын жандандыру, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, білім беру саласындағы проблемаларын шешуге баса назар аударатын болады. Себебі қай кезде де жастардың тың бастамалары мен идеялары жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Сонымен қатар аудандағы жастарға қолдау көрсету мақсатында алдағы бес жыл ішінде ауданның шаруа қожалықтары мен ұйымдарымен меморандумдар жасау арқылы жыл сайын кемінде 20 жұмыссыз жасты жұмысқа орналастыру көзделіп отыр, – деген үміткер алдағы уақытта ауданда «Жасыл ел» еңбек топтарын ұйымдастыру арқылы жазғы кезеңде жыл сайын кемінде 200-ге жуық жас жұмысқа орналастырылатынын жеткізді. Бұдан бөлек 2021-2025 жылдары Шалқар қаласындағы «Coworking center» қызметі арқылы жастардың шығармашылығын дамытуға жағдай жасау, «Бизнес бастау» жобасы арқылы оқып, сертификат алған мамандарға жыл сайын 30-ға жуық грант бөлуге, барлық ауылдық округтерде еріктілер клубтарын құру арқылы еріктілер қозғалысының дамуына ықпал етуге жағдай жасалмақ. Нәтижесінде ауданда жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші 2,5%-дан 2,3%-ға дейін төмендейтін болады. Онлайн форматта өткен кездесуде үміткер этномәдени бірлестік өкілдерінің қойған сауалдарына жауап беріп, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. — Бүгінгі күні ауданымызда оннан астам ұлттың өкілі бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуына өз үлестерін қосуда. Түрі бөлек болса да жүрегі бір, түсі бөлек болса да тілегі бір сан ұлттың өкілі болашаққа үлкен сеніммен қарайды. Бізге ең қажеттісі де – осы сенім. Сондықтан сіздерді алдағы сайлауға осындай үлкен сеніммен келіп, Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырамын, – деді Д.Алшора.

Қаржы Nur Otan партиясы Ақтөбе облыстық Сайлау қорынан төленді.