Мүгедектер сергелдеңнен құтылады
Мүгедектер сергелдеңнен құтылады
193
оқылды

Қазақстан пандемия жағ­дайында өмір сүруге бейім­делуде. Еліміздегі көптеген қызметтер онлайн режимге көшті. Атап айт­қанда бұдан былай мүге­дектігі бар адамдар соны растайтын құжаттарын он­лайн ала алады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы Жол­дауында, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 4 наурызда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағ­дарламасына қатысты қойған міндеттері қарқынды іске асы­рылуда. Ел басшылығының осы тапсырмаларын орындау ая­сында әлеуметтік еңбек сала­сындағы мемлекеттік қыз­меттерді оң­тай­ландыру және автоматтандыру қолға алынды. Бүгінде eGov порталы арқылы мемлекеттік қызметтің ондаған түріне қол жеткізуге болады. 2020 жылғы 28 желтоқсаннан бастап eGov пор­талында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабі­летінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қыз­метін көрсету кезінде берілетін құжаттардың электронды ны­сандарын алу қолжетімді болды. Бұл қызметті мемлекеттік «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мен «Ұлттық ақ­параттық техно­логия­лар» АҚ бірлесіп ұсынатыны мәлім. Осылайша, eGov порталында келесі құжаттардың электронды нысандарын алуға болады: мүге­дектік туралы анықтама; жал­пы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама; кә­сіптік еңбек­ке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі туралы анық­тама; кәсіптік ең­бекке қабілет­тілігінен айырылу дәрежесі ту­ралы анықтамадан және меди­циналық-әлеуметтік сарап­тама актісінен үзінді көшірме; зардап шеккен қызметкердің көмек пен күтімнің қосымша түрлеріне мұқтаждығы туралы қорытынды; оңалтудың жеке бағдар­ла­ма­сының әлеуметтік бөлі­гінен үзінді кө­шірме; оңалтудың жеке бағдар­лама­сының кәсіптік бө­лігінен үзінді көшірме; меди­циналық-әлеуметтік сарап­таманың сарап­та­малық қоры­тындысы туралы хабарлама; сондай-ақ толық оңалту туралы хабарлама. Мүгедектігі бар балалардың ата-аналары және мүгедектігі бар адамдардың қамқоршылары бұ­дан былай мемлекеттік мекеме­лердің табалдырығын тоздырмай, осы құжаттарды қашықтан ала алады.

Айхан ШӘРІП