Пойыздарға 704 вагон қосылды
Пойыздарға 704 вагон қосылды
203
оқылды

2020 жылғы 26 желтоқсаннан бастап 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін жолаушыларды тасымалдау үшін пойыздарға қосымша 704 вагон қосылды. Осылайша, пойыздар қо­сымша 30 мың жолаушыға қызмет көрсете алады.

Вагондар Нұр-Сұлтан қаласынан Алматы, Маңғыстау, Атырау, Сарыағаш, Арқалық, Семей, Петропавл және Павлодарға қатынайтын пойыз бен Ал­матыдан Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазған және Орал қа­лаларына шығатын пойызға жалғанады. Сонымен қатар Павлодар-Пресногорьковская, Қызылорда-Семей және Ақтөбе-Атырау пойызы қосымша жолаушылар ала алады. Қазір Қазақстанда 156 жұп жолаушылар пойы­зының 117-сі қатынап тұр. Ал қалғаны ко­ронавирус инфекциясына бай­ланысты шектеулерге орай тоқтаған.

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ