Тағы 8 адам сушиден уланды
Тағы 8 адам сушиден уланды
219
оқылды
8 адам сушиден уланып, Атырау облысы Жылыой аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Бұған дейін Жылыой аудандық орталық ауруханасына 16 адам түскен. Кейін 29 адамның уланғаны, оның 21-і емделіп жатқаны белгілі болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін тағы 8 адам ауруханаға түскен.
«Бүгін Жылыой аудандық орталық ауруханасына тағы 8 адам келіп қаралды. Дәрігерлер оларды ауруханаға жатқызды. Қазір улану диагнозымен ауруханада 29 адам емделіп жатыр», – деді басқарманың баспасөз қызметінен.