Қазақстанға ПТР анықтамасыз 83 жолаушы ұшып келді
Қазақстанға ПТР анықтамасыз 83 жолаушы ұшып келді
178
оқылды
Авиажолаушылардың 86%-дан астамы Қазақстанға ПТР-анықтамаларымен келген, деп хабарлайды Ведомствоаралық комиссияның баспасөз қызметі. 2020 жылдың 28 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы және Әзербайжаннан 8 халықаралық әуе рейсі келді. 614 жолаушының ішінде ПТР-тестісі бар (сау екені көрсетілген) 531 адам, анықтамасыз 83 Қазақстан азаматы ұшып келді. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 184 жолаушы, анықтамамен - 154; анықтамасыз - 30; Алматы қаласының әуежайына – 2 рейс, 287 жолаушы, анықтамамен - 239, анықтамасыз - 48; Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 143 жолаушы, анықтамамен - 138, анықтамасыз - 5 жолаушы келді. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тест тапсырды және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.