Нұр-Сұлтанда Жаңа жылда мерекелік отшашу болмайды
Нұр-Сұлтанда Жаңа жылда мерекелік отшашу болмайды
220
оқылды
Елорда әкімдігі жұртшылықты мазалаған «Жаңа жылда мерекелік отшашу бола ма?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".
«Жаңа жылдық мерекені ескере отырып, азаматтарды санитарлық талаптарды сақтауға шақырамыз. Яғни маска тағып жүру және қоғамдық орындарда арақашықты сақтау керек. Жаңа жылда мерекенің соңы тұрғындардың ауруханаға түсуімен аяқталғанын қаламаймыз. Оның үстіне жыл бойы коронавирус індетімен күресіп келе жатқан медицина қызметкерлеріне салмақ салмай, жұмысын көбейтпегеніміз де абзал. Тағы бір маңызды хабар -  жаңа жыл күні елордада мерекелік отшашу болмайды», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.