Денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды
207
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы лауазымды және басқа тұлғаларына қатысты тергеуге кедергі келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі. Комитет 23 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды және басқа тұлғаларына қатысты тергеуге кедергі келтіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 407-бабы 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«Бұл тұлғалар қылмыстық процестің қатысушылары емес, Денсаулық сақтау министрлігінің экс-басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеудің барысы мен нәтижелері туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты заңсыз жинақтау, беру және жариялау арқылы тергеуге кедергі келтірген», - делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық-процессуальдық кодексінің 201-бабының 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге ақпарат жарияланбайды.