Бала саны мен табысына қарамай әр балаға 18 жасқа  дейін  жәрдемақы төлеу қажет
Бала саны мен табысына қарамай әр балаға 18 жасқа  дейін  жәрдемақы төлеу қажет
223
оқылды

«Ауыл» партиясының Мәжіліс және мәслихат депутаттығына кандидаттарынан жасақталған  үгіт-насихат тобы Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы сапарында осылай деп мәлімдеді.

Партияның «Ауылдан ауылға» акциясы аясында «Найдоровское»  серіктестігі мен  «Ақпан»  ауылы тұрғындарымен кездесуінде Осакаров аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Галина Крапивенко   партияның әлеуметтік мәселелерді шешу жөніндегі жоспары туралы баяндады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау 6 түрлі жәрдемақы төлемімен ұсынылған. Төлемдердің мөлшері туған, тәрбиеленетін, бірге тұратын бала санына байланысты. Бұл ауыл тұрғындарына аудандағы әлеуметтік көмек көрсету орталығына құжаттар жинау үшін қайта-қайта баруда қиындық туғызады. Ауыл халқының көпшілігі осыдан шаршаған соң, әлеуметтік көмек алуға тырыспайды.   Сол себепті «Ауыл» партиясы  сайлауалды тұғырнамасында отбасындағы бала саны мен табыс деңгейіне қарамастан, әрбір балаға 18 жасқа толғанға дейін  жәрдемақы төлеуді ұсынып отыр», – деді Г.Крапивенко.    width= Бұл ұсыныс «Ақпан»  ауылы тұрғындарының көңілінен шықты. Өйткені олар мемлекеттің қаржылай  қолдауына ие болу үшін  табысының төмендігін дәлелдеуге тура келетінін, ал бала тууға байланысты, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін әлеуметтік төлемдер қысқа мерзімді және ештеңеге жетпейтінін айтады. Аталған кездесуде Мәжіліс депутаттығына кандидат Қайрат Айтуғанов партияның Қазақстанды аграрлы елге айналдыруға шақыратынын айтып, осы трансформацияны қаржылық қамтамасыз ету туралы  ойымен бөлісті. Оның пікірінше, бүгінде шаруалардың көпшілігі үшін субсидия мен жеңілдетілген несие қолжетімді емес. Онсыз ауыл шаруашылығымен айналысу өте қиын. Қ.Айтуғанов Қазақстанда несиені 20 және одан да көп жылға не ең төменгі пайызбен (2%) беруге болады деп санайды. Оның пайымдауынша, ауыл тұрғындары үшін қаржы өнімін тіпті кепілсіз етуге болады.  Бар мәселе   батыл шешім қабылдауға қауқарсыз шенеуніктер мен қаржы институты басшыларында.

 Тұмар МЫРЗА