Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?
Фото: istockphoto.com
1,008
оқылды

Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі кезінде қандай қағидаларды назарға алу керек екенін мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам 

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз; 

2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақты қолданбаңыз; 

3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз; 

4. Жасырынатын жерді табыңыз – жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз; 

5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); – көпқабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз; 

6. Үйден шығар алдында мүмкіндік болса суды, газды, электр қуатын өшіріңіз; 

7. Дабыл жол сөмкесін алыңыз (алдын ала дайындау қажет); 

8. Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан  аулақ болыңыз; 

9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз; 

10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.