Исатай ауданында жыл сайын 200-ге жуық жас жұмысқа орналасады
Исатай ауданында жыл сайын 200-ге жуық жас жұмысқа орналасады
188
оқылды

Nur Оtan партиясы Атырау облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Ә.Семғалиев «Есіктен есікке» акциясы аясында аудан тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында үміткер Nur Оtan партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, тұрғындардың ұсыныс пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ Nur Otan партиясы ұсынып отырған 7 басым бағыт туралы айтып, аудан тұрғындарын толғандырып жүрген өзекті мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар Nur Оtan партиясы Исатай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, оның ішінде жыл сайын 200-ден кем емес жастарды жұмысқа орналастыруға, барлық ауылдық округтерінде волонтерлік топтар құру арқылы еріктілер қозғалысын қолдауға, «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы жыл сайын 70 жасты жұмыспен қамтуға, «Бастау бизнес» – жобасы арқылы жыл сайын кемінде 40 грант бере отырып, жастардың өз бизнесін ашуына жәрдемдесуге, «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамту» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жыл сайын 70 орынға жастарға тәжірибе жинақтауға, «Дипломмен ауылға» жобасы арқылы жыл сайын 10 маманды ауданға тартуға жоспарланып отырғаны айтылды. Үміткер кездесу барысында 10 қаңтар күні сайлауға келіп, Nur Оtan партиясына дауыс беруге шақырды.

Nur Otan партиясының Атырау облысы  Исатай аудандық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді