Nur Оtan исатайлық кәсіпкерлерге грант пен несие беруді қолға алады
Nur Оtan исатайлық кәсіпкерлерге грант пен несие беруді қолға алады
5,154
оқылды
Nur Оtan партиясы атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Бейсқали Толқын Ермекқызы Исатай ауданында болып, Орталық базарда аудан тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында кандидат тұрғындарды Nur Оtan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сондай-ақ Nur Otan партиясының Исатай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі «Кәсіпкерлерді қолдаймыз!» тақырыбында сөз қозғады. Үміткер аудан бойынша алдағы бес жылда атқарылатын жұмыстар туралы айтты. Мәселен жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 17 жобаға грант ұсыну, ауыл бизнесін дамыту мақсатында «Бизнес-Аймақ» жобасымен жергілікті бюджет есебінен 39 жобаны несиелендіруге, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен қысқа мерзімді кәсіптік оқу курсына 200 адамды оқытып, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 375-ке жуық азаматқа грант пен несие алуына ықпал ету жоспарланып отырғанын айтты. Сөзін аяқтай келе Толқын Ермекқызы алда өтетін сайлауда Nur Оtan партиясын қолдауға шақырды. Кездесу барысында аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі О.Купбергенов қатысты. Үгіт насихат жұмыстары заңдылыққа сәйкес жүргізілді.

 Атырау облысының Nur Otan партиясының Исатай аудандық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді