Nur Otan Екібастұзда кезекте тұрған 3 мың отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етеді
Nur Otan Екібастұзда кезекте тұрған 3 мың отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етеді
208
оқылды

Екібастұз өңірінде 13 мың адам – Nur Otan партиясына мүше. Сайлауға 43 үміткер қатысады.  Оның 11-і – облыстық мәслихат депутаттығына үміткер.  Бүгінде сайлау учаскесінің саны – 17.

Екібастұз қалалық сайлауалды штабының төрағасы Нияз Макраев бүгін сайлаушылармен тікелей эфирде жүздесті. Айтуынша, біздің қалада 51 мың отбасы тұрса, соның 1100-і – көпбалалы отбасы. Nur Otan партиясы қаланың дамуына 7 бағытта басымдық бермек. Оның ішінде:
  • Кезекте тұрған 3 мың отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету;
  • 9,6 мың тұрғыны бар 21 ауылды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Соның ішінде 2 мыңдай адам мекен ететін 4 ауылға суды сүзгіден өткізетін ұңғыма (скважина) орнату;
  • Ауылдық дәрігерлік амбулаториялар үшін 5 жедел жәрдем көлігін сатып алу (Солнечный кенті, Шідерті кенті; Төртүй ауылы, Ақкөл ауылы);
  • Жедел медициналық көмек беретін автомобиль паркін жаңарту;
  • Денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуден өткізу (2021 ж- №3 емхананы, 2024 жылы – №1 емхананы);
  • 25 қала мектебінде күрделі жөндеу жүргізіп, жарықтандыру (жыл сайын 5 мектептен);
  • Қоғамдық көмекшілер санын 1,5 адамға арттыру;
  • Жергілікті полиция қызметін бейнетіркеуі, қызметтік көліктермен 100 % қамтамасыз ету.
Сонымен бірге, 4 денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы, 6 толықөлшемді алаң, жеңілатлетикалық манеж, 150 спорттық аула және ойын алаңдары, стритбол алаңдары және қала көшелеріне велосипед жолдары салынбақ. тұрғын үй Өнеркәсіп саласына келсек, 2025 жылға қарай 2 мың адамды жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 5 өңдеу өнеркәсібімен айналысатын зауыт (автомобиль шиналары, техникалық кремнийді, табақ шыны және т.б.). Теміржол кластері кәсіпорындарын қалпына келтіру, жылыжай кешендерін одан әрі дамыту, мал және өсімдік шаруашылығын дамыту арқылы ауылдық елді мекендерде өмір сүру сапасын жақсарту қолға алынады. Нияз Құдайбергенұлының айтуына қарағанда, Nur Otan партиясы жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай-ақ, қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Құтты мекен» жобаларын іске асыруға өз үлесін қоспақ.

Ақысы Nur Otan партиясы Екібастұз қалалық сайлауалды штабының қаржысынан төленді. Тапсырыс беруші: Нияз Құдайбергенұлы Макраев