National Geographic фотографтары Тәуелсіздік сарайында Нұр-Сұлтан суреттерінен фотокөрме ұйымдастырды,– деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Ұлы дала жүрегі" көрмесіне қазақстандық және шетелдік авторлардың 150-ден астам жұмысы қойылған. Олардың арасында фотосуреттері бүкіл әлемге таралған Джордж Стейнметц, Antonio Politano, Sasin Tipchai, Никита Басов, Турар Казангапов сияқты National Geographic-тің танымал фотографтары, сондай-ақ танымал отандық фотографтар Александр Куприенко, Батырлан Төлегенов, Александр Филипенко, Евгений Ткаченко, Айбек Аханов және басқалар бар.
Фотосуреттер күнделікті өмірді, әлеуметтік, іскерлік және мәдени өмірді, елорданың жарқын сәттерін бейнелейді. Сонымен бірге ерекше гастрономия, спорт әлемі және қаланың ең көрнекті жерлері ұсынылады.
"Ұлы дала жүрегі" фотокөрмесінің мақсаты – әлемге әйгілі шетелдік және отандық фотографтардың объективі арқылы Нұр-Сұлтанның жан-жақты келбетін көрсету.
Іс-шара барлық санитарлық нормаға сәйкес өткізіледі. Ұйымдастырушылар барлық ережені қатаң сақтау, маска тағу, арақашықтықты сақтау және санитайзерлер қолдану керектігін еске салады.
https://youtu.be/4pm1yTBPMAg
Айта кетейік, nursultankorme.kz. сайты арқылы әлемнің кез келген нүктесінен онлайн режимде Қазақстан астанасының суреттерін көруге болады.