Ол пәтердің иесін пышақпен қорқытқан. Ұсталған күдіктіге қатысты тергеу басталды. Ол полицейлерге де бағынбаған.
«Великолукская көшесіндегі үйде тұратын тұрғын қоңырау шалып, пәтерін жалдап тұратын адам пышақпен қорқытқанын хабарлады», – дейді полицейлер.
Оқиға орнына бірінші болып «Гранит-8» патрульдік полиция экипажы келді. Күдікті полицейлерді үйдің қақпасынан кіргізбей, пышақ ала жүгірген. Полицейлер күдіктіні тұтқындады.
Тергеу барысында ұсталған күдіктінің Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзып, Алматыда тұрып жатқан 48 жастағы Өзбекстан азаматы екені анықталды.