Ерейментаудың ертеңі жарқын
Ерейментаудың ертеңі жарқын
269
оқылды

Nur Otan партиясы сайлауалды үгіт-насихат науқанын жалғастыруда. Партия атынан депутаттыққа үміткерлер Ерейментау тұрғындармен күнделікті жүздесіп, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысып, бағдарламаны түсіндіруде.

Тұрғындар алғыс-тілектері мен өтініштерін білдіріп, алдағы сайлауда алға қойған мақсаттар орындалады деп сенуде. Әрдайым кез-келген азаматқа қол ұшын беруден тайсалмайтын партияның белсенді мүшесі, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Барлыбаев Сапар Ибрагимұлы халық игілігі үшін еңбек етуді міндетім деп санайды. Ол әрдайым халық мүддесін жоғары қоятын азамат. Жастармен, ауданның зиялы қауым өкілдерімен, қарапайым жұмысшылармен кездесіп, өткір мәселелерді шешу жолында құзырлы органдармен бірлесе отырып жұмыс жасайтындығын алға тартты. Үміткер қазіргі таңда басты мақсат – дағдарысқа қарсы тұру керектігін айтты. Nur Otan партиясы халық сенімін ақтайтын партия. Сөзбен ғана емес, іспен де халық үшін қызмет етіп жатқан партия екенін дәлелдеп қойған. Сапар Ибрагимұлы сайлауалды бағдарламаны таныстыру барысында мүмкіндігі ереше жандарға барынша жағдай жасалынатынын жеткізді. Жұмыспен қамтып, әлеуметтік көмек көрсету партияның негізгі міндеттерінің бірі екеніне тоқталды.

Nur Otan партиясының Ерейментау ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді.