375 жас маманға көтерме жәрдемақы беріледі
375 жас маманға көтерме жәрдемақы беріледі
282
оқылды

Nur Otan партиясынан Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттығына үміткерлер Өтеев Мінажадин, Әділбек Сарабеков пен Гүлнар Есқалиева Қазалы ауданы Жаңқожа ауылында «Есіктен есікке» акциясын өткізді.

Үміткерлер ауыл тұрғыны Думан Төкеш, Әли Шайқұлдың шаңырағында болып, үгіт-насихат жүргізді. Тұрғындарға партия бағдарламасының басым бағыттарын таныстырып, олардың тарапынан түскен талап-тілектерді де назарға алды. жас маман – Nur Otan партиясы 2021 жылы Әйтеке би кентінде балық өнімдерінен жем шығаратын, декорлық кірпіш құрайтын, 3D панель құрайтын, колонна құрылыс бұйымдарын шығаратын цехтардың ашылуына мұрындық болады. Қазалы қаласында кәмпит цехын, қапшық шығаратын, көкөніс өнімдерін өңдейтін, Әйтеке би кентінде ауыз су өндіру цехын, 2024 жылы нан шығаратын наубайхананы, 2025 жылы Бірлік ауылында попкорн өндіру цехын кеңейту жобаларын іске асырмақ, – деді үміткер Мінажадин Өтеев. Кездесуде ауыл тұрғыны Әли Шайқұл жастарды жұмыспен қамту мәселесін сөз етті. Бұл бағыттағы партия жоспарымен Гүлнар Есқалиева таныстырды. – Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті және 19 ауылдық округтерде волонтерлік клуб құру арқылы волонтерлік қозғалысты дамытуды көтермелейді. Партия «Жасыл ел» еңбек жасағымен жыл сайын 100 жасты уақытша жұмыспен қамтиды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 375 жас маманды ауылға тұрақтандыру үшін тұрғын үй беру, көтерме жәрдемақы беріп жағдай жасайды. Аудандағы 2500 жұмыссыз жастардың жыл сайын 500-і тұрақты жұмыспен қамтылуына жәрдемдеседі, – деді үміткер Гүлнар Есқалиева. Барлық ұсыныстары мен талап-тілектерін жеткізген тұрғындар, жасап жатқан іске сәттілік тілеп, қариялар батасын берді. Үміткерлер үгіт парақшаларын таратып, Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.

Nur Otan партиясы Қызылорда облысының сайлау қорының қаражатынан төленді.