Хромтауда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 120 пәтерлік тұрғын үй салынады
Хромтауда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 120 пәтерлік тұрғын үй салынады
245
оқылды

Nur Otan партиясының Ақтөбе облыстық сайлауалды штаб басшысы Ербол Данағұлов, Парламент Мәжілісі мен облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Хромтау және Әйтеке би ауданының тұрғындарымен кездесті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Рахат Сыдықов, Ғалымжан Елеуов, Амангелді Есіркепов, Қайрат Қойлыбаев, Қайрат Сабыр алдымен Хромтау ауданының Ақжар ауылындағы тұрғындармен кездесті. Сайлаушылар ауылды көркейту, көпбалалы аналарды қолдау және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамту жайын сұрады. Бұл бағыттағы жұмыс партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған. 2022 жылы ауданда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 120 пәтерлік тұрғын үй салынады. Нәтижесінде 480 адам баспаналы болады. Хромтау қаласында жыл сайын 6 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізіледі. Сонымен бірге үміткерлер Ақжар май экстракциялау зауыты және «Тау» ауыл шаруашылығы кешенінің ұжымымен кездесті. «Алдағы бес жылда 16 мектеп салынып, 125 мектепке дейінгі ұйым күрделі жөндеуден өтеді. Барлық елдімекен түгел ауыз сумен қамтылады. Біз сенімді ақтаймыз, кез келген мақсатқа бірге жетеміз», – деді Nur Otan партиясының Ақтөбе облыстық сайлауалды штаб басшысы Ербол Данағұлов. Еңбек ұжымымен өткен кездесуден кейін үміткерлер Хромтау аудандық ауруханасына барды. «2020 жыл еліміз үшін өте ауыр жыл болды. Дүниежүзін жайлаған пандемия кезінде медицина қызметкерлерінің еңбегі үстем болды. Біз сіздерге ерекше алғысымызды білдіреміз. Nur Otan партиясы әрқашан сіздермен бірге», – деді үміткер Ғалымжан Елеуов. Дәл осындай келелі кездесу Хромтау жоғары колледжінің ұстаздарымен өтті. Үкіткерлер хромтаулықтарды келер жылы 10-қаңтар күні сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауға шақырды. Кейін сайлауалды штаб мүшелері Әйтеке би ауданына барды. Бір тобы Қарабұтақ ауылдық округінің дәрігерлік амбулатория ұжымымен, қарапайым тұрғындармен жүздесті. «Өңірде инвестиция тарту, жаңа технологияларды енгізу, өндірісті қазіргі заманғы жабдықтармен және жоғары өнімді техникамен жабдықтау есебінен агроөнеркәсіптік кешен дамыту бағытындағы жұмыс жалғасады. Әйтеке би ауданында үш инвестициялық жобаны іске асырылады. 2021 жылы Ақтасты ауылында сүт өңдейтін ферма ашылып, 2022 жылы Қарабұтақ ауылында бордақылау алаңы, 2023 жылы сүт өңдейтін цех салынады. Сөйтіп жыл сайын жергілікті бюджет есебінен облыстың 120 ауыл шаруашылығы кәсіпорны мен шаруа қожалығына қосымша субсидия беріледі», – деді штаб басшысы Ербол Данағұлов. Ал ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Рахат Сыдықов, облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Амангелді Есіркепов, Қайрат Қойлыбаев, Қайрат Сабыр Қарабұтақ ауылдық округінің кітапхана қызметкерлеріне сайлауалды бағдарламаның тарих пен мәдениетті дамыту бағытын түсіндірді. «Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім – бұл Қазақстанның табысты дамуының сенімді негізі. Бүгінгі таңда ауданда 20-дан астам ұлт өкілі тұрады. Олар бірлікті, конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайтуға елеулі үлес қосып жүр. Партия қасиетті және көрнекті жерлерге өлкетану экспедициясын жалғастырып, 2021 жылы Әбілқайыр хан кесенесін қоршап, абаттандырады», – деді үміткер Амангелді Есіркепов. Nur Otan партиясының облыстық сайлауалды штабы басшысы Ербол Данағұлов бастаған үміткерлер Әйтеке би ауданының орталығы Т.Жүргенов ауылына да барып, теміржолшыларымен, «Целинник» мәдениет үйінде тұрғындарымен, жастармен және кәсіпкерлермен кездесіп, сауалдарына жауап берді «Әйтеке би ауданында ауыл шаруашылығымен қатар өндіріс дамып келеді. Үшқатты ауылында каолин сулы байыту фабрикасы салынып, Жабасақ ауылында «Жалтыркөл» кен орны, Сұлукөл ауылында Бенкала және Оңтүстік Бенкала кен орны игеріледі. Жоспар бойынша жыл сайын 800 адам жұмысқа орналастырылады. Nur Otan партиясы шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту міндетін алға қойып отыр. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында жыл сайын 4 жаңа жобаға қаржылай қолдау көрсетіледі. «Еңбек» бағдарламасы бойынша 28 грант, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 7 жобаға жеңілдетілген несие беріледі. Әрі жыл сайын 25 адам кәсіпкерлік негіздерін оқиды», – деді үміткер Рахат Сыдықов. Әйтеке би ауданының тұрғындары баспана, жұмыспен қамту, су мен газ тарту, жол салу жұмыстарының орындалу ретін сұрады. Партияның сайлауалды бағдарламасында әр азаматтың өтініш-тілегі ескерілген, облыс, ауданмен қатар, шалғай елдімекендегі жұмыстар дәл де нақты көрсетілген. – Nur Otan партиясының басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту. Әлеуметтік-экономикалық даму жолы айқындалған, білім мен медицина сапасы артқан жайлы аймақтың тұрақтылығын бірге сақтап қаламыз. Партияға дауыс беріп, ел ертеңі үшін жұмыла жұмыс істеуге шақырамын, – деді облыстық сайлауалды штаб басшысы Ербол Данағұлов. Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз.

Nur Otan партиясы Ақтөбе облысының сайлау қорының қаражатынан төленді.