Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп келеді. Әсіресе, жастарды жұмыспен қамту мәселесі бірінші орынға қойылған.
Аталмыш мәселеге орай елімізде «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» сынды мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Әрбір отбасы үшін «7-20-25» бағдарламасымен баспана алудың жаңа мүмкіндіктері қарастырылған. Осы бағдарламалар облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Нұрбол Әлиевтің жастармен онлайн кездесуінде айтылды. – Қазір жастар арасында көптеген мәселе бар. Тізбектесек, жұмыссыздық, кадр тапшылығы, жас мамандарды баспанамен қамту, вандализм, жастардың қоғам өмірінен алшақтап кетуі, тағысын тағылар. Мәселен, Ұлы Абай: «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» демей ме?! Міне, бар мәселенің бастауы жұмыссыздықтан басталады. Жұмыссыздықпен күресу үшін елімізде түрлі мемлекеттік бағдарламалар қолға алынуда, – деді Нұрбол Әлиев. Үміткер Nur Otan партиясының ел келешегі үшін жасап жатқан келелі жұмыстарын баяндады. Мәселен, пандемия кезінде елдегі жағдайы төмен отбасыларға 50 мың теңгеден жеті дүркін әлеуметтік көмек берілсе, оңтүстіктегі ағайын табиғи апаттан зардап шегіп, мақтаралдықтар үйсіз-күйсіз қалғанда партия жасақтаған көмек керуені Түркістан облысына жол тартқаны бар. Сөз соңында Нұрбол Әлиев жастарды ел үшін маңызы зор сайлауда дұрыс таңдау жасап, Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.Nur Otan партиясы Алматы облысының сайлау қорының қаражатынан төленді.